Астанада құрылыс салушылар үлескерлердің 4 млрд теңгесін «жеп қойған»

Автор: Мира Байбек

Құрылыс компанияларының басшылары ұсталды

© Unsplash/Danist Soh

Астана прокуратурасының нұсқауы бойынша Полиция департаментінің өндірісіне «R-Club» және «R-Club Deluxe» ТҮК үлескерлерінің ұжымдық арызы негізінде алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс берілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ведомство мәліметінше, үлескерлердің 4 млрд теңгеден астам ақшалай қаражаты тартылған.

«Алайда іс жүзінде құрылысқа 900 млн теңге жұмсалғаны анықталды. Құрылыс салушымен 2022 жылдың IV тоқсанында жоспарланған аяқталуға тиіс құрылыс бітпеген», - делінген хабарламада.

Құрылыс компанияларының басшылары ұсталып, оларға «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Жедел-тергеу тобы құрылды.

Қазіргі уақытта қылмыстың қалған қатысушылары мен олардың активтері анықталып жатыр.