Бүгін еліміздің 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Автор: Azattyq Rýhy

Өзге өңірлердегі метеорологиялық жағдай тұрақты

Фото ашық дереккөзден

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, Астана, Атырау, Қарағанды, Петропавл және Теміртау қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.