Бұл ондағы халықтың жартысына жуығы
Ресейдің Украинаға жасаған шабуылы ауыр гуманитарлық дағдарысқа әкелді. Украинада бұған дейін де гуманитарлық көмекке мұқтаж болған, бірақ дәл қазіргідей емес. 18 миллион адамға гуманитарлық көмек қажет. Бұл қазір Украинадағы адамдардың жартысына жуығы. Мұндай мәлімдемені гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасының спикері Савиано Абреу Интерфакс-Украина агенттігіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy BBC Russian-ға сілтеме жасап.
Абреудің сөзінше, егер қазіргі ахуал реттелмесе, Украинадағы гуманитарлық жағдайдың бұдан да нашарлай түсуі мүмкін.
Ол сондай-ақ қыстың жақындап келе жатқанын және бұл жаңа тәуекелдерді тудыратынын және адамдардың қажеттіліктерін арттыратынын атап өтті.
«Жыл соңына дейін гуманитарлық көмек көлемін арттырып, 11 миллион адамды қамтамасыз етуді көздеп отырмыз.Біздің мақсатымыз — Украинада қолдауды қажет ететін 18 миллионнан кем дегенде 11 миллион адамға көмектесу», - деді Абреу.