Мароккода жер сілкінісінен қаза болғандар саны 3 мыңға жуықтады

Автор: Azattyq Rýhy

Кем дегенде 5 674 адам зардап шеккен

 

Фото ашық дереккөзден

Мароккодағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2 946-ға жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Maghreb Arabe Press агенттігі корольдік ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Ведомство мәліметінше, кем дегенде 5 674 адам зардап шеккен.

«Құрбандардың ең көп саны Әл-Хауз (1 684) және Тарудант (980) провинцияларында тіркелді», - делінген хабарламада.

Тақырыпқа орай: СІМ-де жойқын жер сілкінісі болған Мароккодағы қазақстандықтардың жағдайы жайлы айтты

Бұған дейін жергілікті билік 2 901 адамның қаза тапқаны және 5 530 адамның жарақат алғаны туралы хабарлаған болатын.