Ливияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 8 мыңнан асып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгінде із-түзсіз жоғалғандар саны 10 мыңнан асып кеткен

AP Photo

Ливияның солтүстік-шығыс аймақтарында болған толассыз жаңбыр мен су тасқынынан қаза тапқандар саны 8 мыңнан асты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Al Arabiya телеарнасы елдің Өкілдер палатасының (парламент) кеңесшісіне сілтеме жасап хабарлады.

«Ливияның солтүстік-шығысындағы табиғи апат салдарынан қаза тапқандар саны 8 мыңнан асты. Өкілдер палатасы кеңесшісінің мәліметіне сүйенсек, із-түзсіз жоғалғандар саны бүгінде 10 мыңнан асып кеткен», - делінген хабарламада.

Ливияның басқа елдімекендеріне қарағанда, табиғи апаттан көбірек зардап шеккен Дерна қаласының муниципалитет басшысы мәлім еткендей, қала билігі аймақтағы жаңбыр мен су тасқынынан құрбан болғандар саны 20-ға жетуі мүмкін деген болжам айтты.

Бұған дейін табиғи апат салдарынан 6 мың адамның қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.