Із-түзсіз жоғалғандар мыңдап саналады
Ливияның солтүстік-шығыс аймақтарында жауған жаңбыр мен су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 3 мыңға жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы Al Hadath телеарнасы Ливияның денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап мәлім етті.
«Қазіргі уақытта елдегі табиғи апаттан зардап шеккендердің саны 3 мыңға жетті, із-түзсіз жоғалғандар мыңдап саналады», - делінген хабарламада.
Бұған дейін Ливияда «Дэниель» циклоны себеп болған су тасқыны 2800 адамның өмірін қиғанын хабарлаған болатынбыз.