Ол «Иннопром Қазақстан-2023» халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне қатыспақ
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров дәстүрлі брифингте Астанада өтетін көрме жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
25-27 қыркүйек аралығында Астанадағы ЭКСПО аумағында «Иннопром Қазақстан-2023» халықаралық өнеркәсіптік көрмесі өтеді.
«Оның мақсаты – өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, инвестиция тарту, сауда ынтымақтастығын кеңейту және жаһандық тәжірибе алмасу. Көрмеде Қазақстанның, Ресейдің негізгі өнеркәсіптік компаниялары, сондай-ақ Армения, Беларусь, Пәкістан, Түркия, Иран, Әзербайжанның ұлттық экспозициялары ұсынылады. Іс-шараға Ресей үкіметінің басшысы Михаил Мишустин мен Беларусь премьер-министрі Роман Головченко қатысады деп жоспарланған», - деді Смадияров.