Ливияда су тасқынынан 150 адам қаза тапты

Автор: Мира Байбек

Құтқару операциясы кезінде бес әскери қызметкер жоғалып кетті

Ливияның Жерорта теңізі жағалауында орналасқан Дерна қаласында «Дэниель» циклоны тудырған су тасқыны салдарынан кем дегенде 150 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Al Arabiya телеарнасының хабарлауынша, Ливияның Ұлттық бірлігі үкіметі қалада табиғи апат жағдайын жариялады.

Сондай-ақ циклон салдарынан Әл-Байда қаласы да қатты зардап шеккен. Армияның жергілікті тұрғындарды эвакуациялау операциясы кезінде бес әскери қызметкермен байланыс үзілген.

Тақырыпқа орай: Мароккода үш күндік қаралы күн жарияланды

10 қыркүйекте Ливияның солтүстік-шығысында «Дэниел» циклоны соғып, соның салдарынан жағалау мауында орналасқан қалаларда қатты жел соғып, толассыз нөсер жауып, найзағай ойнаған. Елдегі жағдайға байланысты Ливия ұлттық армиясының қолбасшысы Халифа Хафтар барлық әскери бөлімнің жауынгерлік әзірлік деңгейін барынша жоғарылатты.