Құжатта жаңа көздерден алынатын энергия көлемін үш есеге арттыру туралы айтылады
G20 елдері жаңартылған көздерден энергия өндіру көлемін арттыруға қолдау көрсетілетіні туралы мәміле жасачты. Алайда клубтың кейбір мүшесі ұсынғандай, атмосфераға шығарылатын зиянды газ шығарындысын күрт азайтуға уәде бермейтінін аңғартты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Euronews хабарлауынша, құжатта 2030 жылға қарай жаңа көздерден алынатын энергия көлемін үш есеге арттыруға ұмтылу туралы айтылады. Қоршаған ортаны қорғау белсенділерінің үндеуіне қарамастан, қазба отыннан бас тартудың мақсаты декларацияда қамтылмады.
«Көміртегі азырақ биоотынға инвестиция салғанымыз маңызды. Біз зиянды шығарындысы көбірек ауылшаруашылық дақылдарына негізделген биоотын емес, биоотынның келешегі зор түрлері – алдыңғы қатарлы екінші буын биоотындары туралы айтып отырмыз», - деді Джейн О'Мэлли Халықаралық таза көлік кеңесінің ғылыми қызметкері.
Тақырыпқа орай: Үндістан Ресей мен Қытай басшыларының G20 саммитіне келмеу туралы шешіміне пікір
Үндістан G20 төрағасы ретінде жаһандық жылынумен күресуді және қоршаған ортаны қорғауды өзінің басым бағыттарының бірі ретінде атады. Клубқа мүше елдер парниктік газдар шығарындысының 80%-ына ұжымдық түрде жауапты.