Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады – синоптиктер болжамы

Автор: Мира Байбек

Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы жылы болады

celes.club

«Қазгидромет» РМК мамандарының айтуынша, 9-11 қыркүйек аралығында Қазақстанның барлық дерлік аумағында жаңбыр жауып, күн күркірейді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ылғалы мол солтүстік циклон ықпалына байланысты алдағы күндері бұлтты және күзгі салқын ауа райы болады. Қазақстанның барлық аумағында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республиканың батысында, солтүстігінде, орталығында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтардың кей жерінде қатты жаңбыр жауады, бұршақ жаууы да мүмкін», - делінген хабарламада.

Ауа температурасы республиканың басым бөлігінде күндіз 10-20 градусқа дейін, республиканың шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 20-30 градусқа дейін жылы болады.