Ақтөбеде көпқабатты тұрғын үйлер ауласында өткен спорттық іс-шаралар қорытындыланды

Автор: Azattyq Rýhy

Турнирде 8 команда, 70 ке тарта ойыншы бақ сынасты

Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Салауатты ұрпақ - ұлт болашағы» атты қалалық шағын футболдан турнир өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Қала жастары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, жүйелі спортпен шұғылдануға тарту мақсатында «Салауатты ұрпақ – ұлт болашағы» атты спорттық іс - шараларды Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығы жылдық жоспарға сәйкес маусым және тамыз айлары аралығында қаладағы көпқабатты тұрғын үй аулаларында өткізген болатын.

Сол шаралардың қорытындысы ретінде қала жастары арасында шағын футболдан турнир ұйымдастырылды.

Турнир қорытындысы бойынша «Жд жастары», «Элита», «Еркін сөз» командалары үздік орындарды иеленді.

Сонымен қатар «Үздік қақпашы» номинациясы бойынша Сапармұрат Саттаров, «Үздік шабуылшы» номинациясы бойынша Бекет Зұлқашев, «Үздік шабуылшы» номинациясы бойынша Саят Болатов марапатталды.

Турнирде 8 команда, 70 ке тарта ойыншы бақ сынасты.

Турнир жеңімпаздарына орталық басшысының орынбасары Айдарбек Самат орталық атынан арнайы дипломдар, медальдар мен бағалы сыйлықтар табыстап, қатысушылардың бәрін арнайы алғыс хатпен марапаттады.