Олар 4 айда13 млн теңгеге жуық пайда тапқан
Алматыда TikTok-та онлайн бәс тігу арқылы құмар ойындарды ұйымдастырғандар сотталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті әлеуметтік желіде құмар ойындарды тарату бойынша қызметтің жолын кескен болатын.
«Тергеу барысында азаматтардың 4 ай ішінде 13 млн теңгеге жуық сомаға ірі мөлшерде табыс табумен үлескен стримдар ұйымдастырғаны дәлелденді. Аталған екі азамат кінәлі деп танылып, 1,5 жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарылды», - делінген агенттік хабарламасында.
Заңсыз ойын бизнесі саласындағы дәл осындай құқықбұзушылықтар үшін 19 млн теңгеден астам аса ірі мөлшерде табыс тапқан төрт адамға сот 4 жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды.