Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды
Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай «Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен қала жастары арасында «Тіл – татулықтың тірегі» атты интеллектуалды сайыс өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қала жастары арасында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, мемлекеттік тілге деген құрметін қалыптастыру, ақыл-ойын, жылдам ойлау қабілетін арттыру, ептілігін дамыту, жаңа ғасырға лайықты идеалды ұрпақ қалыптастыру мен жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында өткізілген сайыста 15 жас сынға түсіп, бақ сынады.
Сайыс 3 кезеңді қамтыды:
Ойын нәтижесі бойынша Бақыткелді Нарғалиев, Айдын Нұрмұханбетов және Азиза Омарова жеңімпаз атанды.
Сайыс соңында орталық басшысы Нұрсұлтан Қожабеков қала жастарын 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесімен құттықтап, жастарға белсенділігі үшін алғыс айтып, жеңімпаздарға орталық атынан арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар барлық қатысушыларды алғыс хаттармен марапаттады.
«Еліміздің ертеңі – ойы ұшқыр, білімі терең, біліктілігі жоғары жастардың қолында», - деп атап өтті ол.