Лаңкестік ұйымның шабуылдары 11 жылдан бері жалғасып келеді
Нигерияда «Боко Харам» лаңкестік тобының 2009 жылдан бергі шабуылдарының салдарынан 35 мыңнан астам адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының қорытындысында айтылды.
Адамавадағы БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары кеңсесінің басшысы Элси Миллс-Тетти лаңкестік әрекеттер басталған 2009 жылдан бері елде 35 мыңнан астам адам қаза тапқан.
«Боко Харамның» Нигерияның солтүстік-шығысындағы Адамава, Борно және Йобе провинцияларындағы лаңкестік әрекеттері ел дамуына өте кері әсер етіп жатыр. Лаңкестік топ әрекет еткелі бері мыңдаған адам ұрланды», - деді ол.
Айта кетмсек, Нигерияда 2000 жылдардың басында құрылған «Боко Харам» содырлары 2009 жылдан бері жаппай зорлық-зомбылық әрекеттеріне көшкен. 2015 жылдан бері лаңкестік топ Камерун, Чад және Нигерде де шабуылдар жасай бастаған.