1,6 мыңнан астамы баспанасыз қалды
Бразилияның Рио-Гранди-ду-Сул штатында соққан циклоннан қаза тапқандар саны 36-ға жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, 1,6 мыңнан астамы баспанасыз қалды.
«Штатты басып қалған циклон салдарынан қаза тапқандардың жалпы саны ...36-ға жетті», - делінген хабарламада.
Циклон қатты екпінді желмен және нөсер жаңбырмен қатар жүріп, өзендер арнасынан асып, су тасқынына әкеп соққан.
«Табиғи апат салдарынан үш мыңға жуық адам үйлерін тастап кетті, 1,6 мыңнан астамы баспанасыз қалды. Жалпы алғанда, табиғи апат 66 қалаға шығын келтірді», - делінген хабарламада.
Бұған дейін 22 адам қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.