Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Ақтөбе тұрғыны өз үйінің ауласынан БТР патронын тауып алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
5 қыркүйек күні 102 арнасына жергілікті тұрғын хабарласып, өз үйінің ауласында жер қазып жатып, бронетранспортердің патронына ұқсас затты тауып алғанын айтты.
«Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы қажетті іздестіру іс-шараларын өткізді. Тексеру барысында БТР зениттік қондырғыларының жиырма сантиметрлік патроны анықталды», - делінген хабарламада.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.