Үндістан Ресей мен Қытай басшыларының G20 саммитіне келмеу туралы шешіміне пікір білдірді

Автор: Мира Байбек

Елдің Сыртқы істер министрі бұл шешімнің Үндістанға еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді

©Global Look Press

Үндістан Сыртқы істер министрі Субраманям Джайшанкар Ресей президенті Владимир Путин мен ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің келмеуі Нью-Делиде өтетін G20 саммитіне көлеңке түсірмейді деп санайды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сәрсенбі, яғни 6 қыркүйекте ANI агенттігіне берген сұхбатында Үндістан министрі G20-ның әртүрлі мемлекет басшылары түрлі себеппен жаһандық кездесулерге бірнеше рет қатыса алмағанын еске салды. Дегенмен ол елдердің ұстанымын делегацияны басқарып келгендер жеткізіп жатады.

Үндістан Сыртқы істер министрі 9-10 қыркүйек аралығында өтетін G20 жиынына Путин мен Си Цзиньпиннің қатыспауы саммитке көлеңке түсіре ме деген сұраққа жауап берді.

«Менің ойымша, екі ел басшылары келмеуінің Үндістанға еш қатысы жоқ. Олар қандай шешім қабылдаса да, өздері жақсы білетіні анық», - деп жауап берді ол.

Ол сондай-ақ барлық делегацияның Нью-Делиге маңызды ұсыныстармен келетініне сенім білдірді.

Бұған дейін Үндістан Нью-Делиде өтетін G20 саммитінде Ресей атынан ел президенті емес, РФ Сыртқы істер министрлігінің басшысы келетінін мәлімдеді. Кейінірек халықаралық агенттік Қытай президенті де G20 саммитіне қатыспауы мүмкін деп хабарлады. Оның орнына Мемлекеттік кеңестің премьер-министрі баруы мүмкін.