Алдағы күндері кей өңірде ауа райы 30 градусқа дейін жылынуы мүмкін

Автор: Мира Байбек

Бірқатар өңірде жаңбыр жауады

Фото Victor Glutsenko

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жауын жауып, артынша күн ысиды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, алдағы тәуліктерде республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, екпінді жел соғып, жаңбырлы ауа райы сақталады.

8-9 қыркүйекте солтүстік-батыста, 9 қыркүйекте республиканың солтүстігінде қатты жаңбыр, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын, түнде жылбысқы қар жаууы мүмкін.

«Республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында ауа температурасы күндіз 18-25 градусқа дейін біртіндеп көтеріліп, Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында 13-23 градусқа дейін төмендейді. Ал еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында негізгі температуралық фон 22-30 градусты болады», - дейді синоптиктер.