Қалалық ТЖД тұрғындарға ескерту жасады
Бүгін, яғни 6 қыркүйекте таңғы сағат 09.00-де Астанада халықты жаппай құлақтандыру жүйелері тексерілетіндіктен, теле-радио арналар қамтыла отырып, электрлі дабыл жүйелері іске қосылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қалалық ТЖД хабарлағандай, тексеру жұмысы 5-7 қыркүйек аралығында ел бойынша өтіп жатқан «Қорғау-2023» штабтық оқу-жаттығуы аясында жүргізіледі.
Айта кетсек, электродабылдар немесе басқа да дабыл құралдары төтенше жағдай болған кезде халықтың назарын аудару үшін қосылады, ол «Баршаңыздың назарына!» бірыңғай құлақтандыру дабылын білдіреді.
«Тұрғындар бұл дабылды естіген кезде орын алған жағдайда әрекет ету туралы нұсқаулар мен ақпарат алу үшін міндетті түрде қолжетімді ақпарат қабылдау құралдарын (теледидар, радио және т.б.) қосуы керек. Қымбатты қала тургындары мен қонақтары, Төтенше жағдайлар департаменті қала турғындарын сабырлық, сақтауға, үрейге берілмеуге шақырады», - делінген ТЖД хабарламасында.