Кей өңірлерде бұршақ жаууы мүмкін
Синоптиктер 4 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бүгін еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады. Еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) болады. Тек еліміздің батысында ашық, жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін. Республика бойынша найзағай ойнап, екпінді жел соғып, бұршақ жауады. ҚР солтүстік-батысында, солтүстігінде, күндіз оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында тұман түсуі мүмкін», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Жамбыл облысында, Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының орталығында, оңтүстігінде, Павлодар, Қарағанды облысының оңтүстігінде Ұлытау облысында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.