Жолдау жүктеген міндеттер ауқымды
Мемлекет басшысы білім саласына көрсетіліп жатқан қолдау шараларын ерекше атап өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы дәстүрлі Жолдауында білім саласына көрсетіліп келе жатқан қолдау шараларына ерекше тоқталып өтті. Әрине, бұл тұрғыда барлық қазақстандықтың көзқарасы оң деп есептеймін.
2020 жылдан бері мұғалімдердің жалақысы жыл сайын 25 пайызға өсіп келе жатқанын білеміз. «Миллионға жуық адам осы жобаның игілігін көрді – тұрғын үй мәселесін шешіп, баспаналы болды. «Жайлы мектеп» жобасы аясында 400-ге жуық мектеп салынады. Қазір ауылдық жерде 300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынып жатыр. «Ұлттық қор – балаларға» жобасы қолға алынды» деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру біздің ауданда да басталды. Оның аясында 740 мың орынға арналған 369 мектеп салынатын болса, бұл бойынша Жалағаш кенті орталығынан 300 орындық жаңа мектеп құрылысын салу жоспарлануда. Қазіргі таңда 1,3 га жер телімі белгіленді. Биылғы жылы жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, 2024 жылы мектеп құрылысы басталатын болады. Биыл колледж студенттерінің шәкіртақысы 30 пайызға өсуде. Бұл білім саласына көрсетілген қолдау және білім алушы жастарға үлкен мотивация дер едім.
Дәрігерлердің айлығы да айтарлықтай көбейді. Қазір олардың табысы еліміздегі орташа жалақыдан әлдеқайда жоғары. Сонымен бірге қазақстандықтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі берілгенін де айта кетуіміз керек.
Гүлзат ҚҰРМАНБАЕВА ,
Қызылорда облысы,
Жалағаш аудандық мәслихат депутаты,
аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы
депутаттық фракциясының жетекшісі