Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды
Ермек Маржықпаев Туризм және спорт министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», - делінген хабарламада.
Ол 2019 жылдан бері Ақмола облысының әкімі қызметін атқарды.