Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды
Светлана Жақыпова ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», - делінген хабарламада.
Светлана Жақыпова бұған дейін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін атқарған болатын.