Бұл туралы Ақорда сайтында жарияланды
Аида Балаева ҚР Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, кеше, 1 қыркүйекте Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымынан босатылған болатын.