Бұл туралы Ақорда сайтында жарияланды
Жаңадан құрылған ҚР Көлік министрлігін Марат Қарабаев басқарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.
Марат Қарабаев 2023 жылғы қаңтардан қазірге дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметін атқарған болатын.