Тамара Дүйсенова Үкімет басшысының орынбасары болды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды

Фото: gov.kz

Тамара Дүйсенова ҚР Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», - делінген хабарламада.

Тамара Дүйсенова бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарған болатын.