Ол бұған дейін Ішкі істер министрінің орынбасары болған
Ержан Сәденов ҚР Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.
Ол 2022 жылдың 26 қаңтарынан бүгінге дейін ҚР Ішкі істер минисрінің орынбасары болып қызмет атқарған.