Ол бұл лауазымға 2022 жылдың 25 ақпанында тағайындалған болатын
Марат Ахметжанов Ішкі істер министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымынан босатылды», - делінген хабарламада.
Ол Ішкі істер министрі лауазымына 2022 жылдың 25 ақпанында тағайындалған болатын.