Серік Жұманғарин ҚР Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды

Фото: primeminister.kz

Серік Жұманғарин ҚР Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», - делінген хабарламада.

Серік Мақашұлы бұған дейін Сауда және интеграция министрі болып қызмет атқарған. Ол бұл лауазымға 2022 жылғы 2 қыркүйекте тағайындалған болатын.