Ал кеше Мемлекет басшысының өкімімен Ернар Баспаев бұрынғы лауазымынан босатылған еді
Президент Әкімшілігінде бірқатар ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының өкімімен Ернар Жеңісұлы Баспаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.
Ол 2023 жылдың 1 қыркүйегіне дейін ҚР Президент Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары қызметін атқарған болатын.
Ал кеше Мемлекет басшысының өкімімен Ернар Баспаев бұрынғы лауазымынан босатылған еді.