Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Автор: Azattyq Rýhy

Республика бойынша найзағай ойнап, жел соғады

Фото ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК 2 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде күн құбылмалы болады. Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Тек елдің батысында, оңтүстігінде күн ашық, жауын-шашынсыз болады.

Республика бойынша найзағай ойнап, жел соғады, бұршақ жауады. Республиканың оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрып, солтүстік-батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Жамбыл облысында, Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Орталықта, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Павлодар, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Ұлытау облысында жоғары өрт қауіпі сақталады.