Пәкістанда жарылыс болып, тоғыз сарбаз қаза тапты

Автор: Мира Байбек

Сондай-ақ жарылыстан тағы бес адам жараланды

Фото: Global Look Press/Keystone Press Agency/PPI

Пәкістанның солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясында жанкешті лаңкес жарылыс жасап, соның салдарынан тоғыз әскери қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде Пәкістан армиясының баспасөз қызметі хабарлады.

«2023 жылғы 31 тамызда мотоцикл мінген жанкешті-лаңкес Банну округіндегі Джани Хел ауданында әскери автоколоннаның жанында өзін жарып жіберіп, тоғыз сарбазды өлтірді», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ оқиғадан ағы бес адам жарақат алды.