2024 жылы бюджеттің жалпы шығыны 7,8 трлн теңге болмақ
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын таныстырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Күш құрылымдарының шығыстары 2,6 трлн. теңге көлемінде жоспарланып отыр»,- деді ол.
Оның ішінде ең бастылары мыналар болып табылады:
«Жалпы алғанда мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық әртіпті қорғау және ішкі тұрақтылықты сақтау жөніндегі іс-шаралар толық көлемде іске асырылатын болады. 2024 жылы бюджеттің жалпы мемлекеттік шығыстары 7,8 трлн теңгені құрайды»,- деді министр.