Жалпы өңірде 3033 адамды кене шаққан
Шығыс Қазақстан облысында 6 адам кене энцефалитіне шалдықты. Қазір олар дәрігерлердің бақылауында, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жалпы өңірде 3033 адамды кене шаққан. Дегенмен олардың көбі медициналық көмекке жүгінбеген. Осы жолы ауруға шалдыққан 6 адамның тек біреуі ғана дәрігерге қаралған. Ал 5 науқас ауру белгілері біліне бастағанда ғана емханаға келген. Сондықтан санитар-дәрігерлер кене шаққан жағдайда бірден медициналық мекемеге келуді ескертеді, деп жазады qazaqstan.tv.