Республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады
Алдағы күндері еліміздің бірқатар аймағында күн суытып, ауа температураы 3 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазгидромет» РМК мәліеметінше, республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болып, найзағай ойнап, қатты жел соғып, жаңбыр жауады.
Синоптиктер Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, ауа температурасының біртіндеп төмендейтінін айтады.
«Ауа температурасы республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде төмендейді, бұл аймақтарда түнгі уақытта ауа температурасы +3+11°C дейін, күндіз +10+18°C дейін төмендейді», - делінген хабарламада.
Тек еліміздің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында кезеңнің басында жылы болады, содан кейін кезеңнің соңына қарай температура түнде +10+15°C дейін, күндіз +20+25°C дейін төмендейді.