Қытайда көмір шахтасындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 11-ге жетті

Автор: Мира Байбек

Қайғылы оқиға дүйсенбі күні Янань қаласында болған

Қытайдың солтүстік-батысындағы Шэньси провинциясында шахта жарылысынан қаза тапқандар саны 11-ге жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қытайдың орталық телеарнасы хабарлағандай, қайғылы оқиға дүйсенбі күні түнде Янань қаласындағы кәсіпорында болған.

Тергеудің алдын ала мәліметі бойынша, жарылысқа газ жылыстауы себеп болған.

Жергілікті билік тағы 11 жәбірленушінің ауруханада жатқанын, олардың жеңіл жарақат алғанын айтты.

Полицейлер шахта басшылығын ұстады, қазіргі кезде тергеу жүріп жатыр.