Алматыда 80 млн теңгенің электронды темекісін заңсыз сатқандар анықталды

Автор: Мира Байбек

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды

Видеодан кадр

Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қалалық департаменті қалалық прокуратураның үйлестіруімен электронды темекіні (вейп) заңсыз көтерме саудалау қызметінің жолын жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Агенттіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қалада электронды темекіні заңсыз көтерме сатқан сауда және қойма үй-жайлары анықталды.

«Тінту кезінде жалпы сомасы 80 млн теңгеден асатын 55 мыңнан астам электронды темекі табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген ведомство хабарламасында.

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.

«Ғалымдардың зерттеулері бойынша, вейптерді қолдану жасөспірімдердің дамуына кері әсерін тигізетінін, есте сақтау, зейінді шоғырландыру, өзін-өзі бақылау және оқу қабілетіне зиянды әсер ететінін еске саламыз. Ата-аналардан балаңыздың мінез-құлқына, денсаулығына және оның сатып алған заттарына назар аударуд сұраймыз», - деп ескертеді ҚМА өкілдері.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.