Министр арнада өзінің ой-пікірін жариялайтынын айтты
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Тelegram-арна ашты, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
«Бүгін сіздерге айтар екі жаңалығым бар. Біріншісі, Тelegram желісінен арна аштым. Бұл көптен көкейде жүрген жоспар еді. Онда салаға қатысты ой-пікірлерімді жариялап отыруға тырысамын. Екіншісі, бүгіннен бастап «Өзекті» атты YouTube-жобаны бастадық. Жобада қоғамда көп талқыланған өзекті мәселелерге жауап іздейміз. Алғашқы шығарылымды осы сілтеме арқылы көре аласыздар», - деді ол.
Министрдің телеграм арнасындағы алғашқы жарияланған «Өзекті» бағдарламасының сілтемесі болды. Арнаға 500-ден астам адам жазылған.