Қостанай облысы Наурызым қорығында бірнеше жерден өрт шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Өртті жоюға 86 адам және 32 техника жұмылдырылды

Фото ашық дереккөзден

Қостанай облысы Наурызым қорығында бірнеше өрт ошағы табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 21 тамызда сағат 16:30-да Қостанай облысында Наурызым мемлекеттік табиғи қорығының аумағында алдын ала болжам бойынша құрғақ шөп пен бұталар өртеніп, өрт 50 га алаңдағы орман алқаптарына өтті.

Шолақсай ауылынан 15 км аумақта тағы бір өрт ошағы шықты.

Үшінші ошақ Қарамайшы бөлімшесінен 20 км қашықтықта анықталды.

Өртті жоюға 86 адам және 32 техника жұмылдырылды.