Құжат сауда, инвестициялар, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған
Бүгін Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Вьетнамға ресми сапары аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мен Вьетнам Социалистік Республикасының өндірістік және сауда министрі Нгуен Хонг Зиен 2023-2025 жылдарға арналған Сауда-экономикалық ынтымақтастықты жедел дамыту жөніндегі үкіметаралық бірлескен іс-қимылдар жоспарына қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құжат сауда, инвестициялар, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге, атап айтқанда:
Қазақстан мен Вьетнам арасындағы тауар айналымы 2023 жылғы қаңтар-маусым айларында $610,9 млн құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5 есе жоғары ($174,7 млн).
Қазақстаннан Вьетнамға экспорт 2023 жылғы қаңтар-маусым айларында 4,7 есеге өсіп, $116,6 млн құрады.