Қазақстанда кеншілер 55 жастан бастап зейнетке шығуы мүмкін

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Үкімет басшысы айтты

Фото ашық дереккөзден

Қазақстанда енді кеншілер 55 жастан бастап зейнетке шығуы мүмкін. Бұл туралы Әлихан Смайылов Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ «Қазақстан» шахтасында апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кездесу барысында кеншілер үшін зейнеткерлік жасты төмендету мәселесі көтерілді.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта кеншілерге ертерек – 55 жастан бастап зейнетке шығуға мүмкіндік беретін заңнамалық өзгерістер енгізіліп жатыр.

Айта кетейік, бүгін Әлихан Смайылов Қарағанды облысына барып, «Қазақстан» шахтасында жоғалып кеткен және осындағы апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасымен кездесті.