Бүгін еліміздің 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Автор: Azattyq Rýhy

Қалған өңірлерде метеорологиялық жағдай қалыпты

Фото ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

19 тамызда Қарағанды, Теміртау, Ақтөбе, Алматы, Астана, түнде Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.