FIDE трансгендерлерге шахмат турнирлеріне қатысуға уақытша тыйым салды

Автор: Azattyq Rýhy

Ақпарат ұйымның сатында жарияланды

Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) трансгендерлердің турнирлерге қатысуына тыйым салды, деп хабарлады Azattyq Ruhy. sportmk.ru-ға сілтеме жасап.

FIDE жынысын ауыстырған спортшыларға әйелдер жарыстарында өнер көрсетуге уақытша тыйым салды. Дегенмен олардың барлық атағы сол күйі қалады.

Егер әйел адам жынысын еркекке ауыстырса, онда атақтары сақталмайды. Олар жынысы өзгерген кезде қайтарылуы мүмкін.

Жаңа ережелер 21 тамызда күшіне енеді және қосымша ескертуге дейін қолданылады.

Бакуде шахматтан Әлем Кубогы өтуде. Ерлер арасындағы турнир 23 тамызда аяқталады. Әйелдер турнирі 20 тамызда аяқталады.