Бұл бағдарлама ең алдымен, тұрғын үй кезегіне тіркеле алмайтын сала мамандарына арналған
Ертең Шымкентте «Qamqor» бағдарламасына өтінімдерді қабылдау басталады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен «Қамқор» бағдарламасы ертең жүзеге асады. Өтінімдерді қабылдау ертең 15 тамыз сағат 11:00-де (Астана уақыты бойынша) otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында басталады.
Бұл бағдарлама ең алдымен тұрғын үй кезегіне тіркеле алмайтын сала мамандарына арналған. Оған дәрігерлер, медбикелер, санитарлар, педагогтар, тәрбиешілер, ЖОО және колледж оқытушылары, ғылыми қызметкерлер, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, журналистер, энергетика саласының және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалының қызметкерлері, мемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері қатыса алады.
Жеңілдетілген несиелеуге үміткерлерді іріктеден өткізу балдық жүйе арқылы есептеледі.
«Qamqor» бағдарламасының артықшылықтары:
1. 20 000 000 теңгеге дейінгі заем.
2. Бірегей пайыздық мөлшерлеме -5%* (ЖТСМ-5,2%) – артық төлемсіз оңай бастау.
3. 10% бастапқы жарна
4. Несие мерзімі 25 жылға дейін.
Бағдарламаға қалай және кім қатыса алады ?
Қатысушыларды іріктеу қалай өтеді?