ШҚО-да қар жауады деп болжануда

Автор: Azattyq Rýhy

15 тамызға байланысты өңірде дауылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК облыстық филиалының мәліметінше, 15 тамызға қараған түні Шығыс Қазақстан облысының тауларында жауын-шашын, ылғалды қар жауады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

Күндіз солтүстік пен шығыста-найзағай ойнайды. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін.

Сондай-ақ altay_pro.kz Instagram аккаунтында Алтай тауларының бөктерінде орналасқан Белуха тауына қар түскені туралы жазылды.