Алматыда бес айда мыңнан астам тұрғын қызылша жұқтырған

Автор: Azattyq Rýhy

300-ге жуық адамға шұғыл екпе салынған

Фото ашық дереккөзден

Алматыда наурыз айынан бастап мыңнан астам тұрғын қызылша жұқтырған. Басым бөлігі 14 жасқа толмаған балалар, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, тұрақсыз эпидемиологиялық жағдай байқалады. Мамандар науқаспен байланысқа түскен 15 мыңға жуық адамды анықтаған, деп жазады qazaqstan.tv

300-ге жуық адамға шұғыл екпе салынған. Барлық байланысқа түскендер медициналық бақылауға алынып, қызылшаның алдын алу шаралары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілген.