Елорда прокуратурасы мемлекетке 700 млн теңгеге жуық жер телімдерін қайтарды

Автор: Azattyq Rýhy

Сот шешімі орындалды

Фото: www.gov.kz

Астана қаласының прокуратурасы мемлекет мұқтаждығы үшін алынған жер телімдері бойынша сот актілерінің орындалуына тексеріс жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Тексеру барысында акционерлік қоғам еріксіз иеліктен шығарылатын жер учаскесі үшін 663 млн теңге көлемінде өтемақы алғаны анықталды. Алайда, 2 жыл бойы соттың мектеп пен жатақхана салу үшін 2 жер телімдерін мемлекетке беру туралы шешімін орындамаған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша сот шешімі орындалды, жер учаскелері мемлекетке берілді.