Елімізде кеңсе тауарларының бағасы бір жылда 64,4 пайызға қымбаттаған

Автор: Azattyq Rýhy

Оқу құралдарының құны тамыз айында тағы қымбаттауы мүмкін

Фото ашық дереккөзден

Қазақстанда оқу жылы қарсаңында кеңсе тауарларының бағасы тағы қымбаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық статистика бюросы ұсынған деректерге сүйенсек, кеңсе тауарларының бағасы 2022 жылдың шілде айымен салыстырғанда 2023 жылдың шілдесінде 64,4% қымбаттаған.

«Атап айтқанда, мектеп дәптері – 77,2%, қалам – 38,6%, түсті қарындаштар – 41,9%, сурет альбомы – 44,1% қымбаттады»,  – делінген статистика бюросы таратқан хабарламада.

Тамыз айының дерегі әлі жарияланбағанымен, оқу құралдары бағасының қыркүйек айына жақындаған кезде тағы қымбаттайтыны анық.