Елдегі барлық спорт алаңы тексеріледі - Ғани Бейсембаев

Автор: Аягөз Құрмаш

Бұл туралы министрлік тапсырма берген

Фото ашық дереккөзден

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Астанадағы мектеп аулаларының бірінде футбол алаңында баланың қайтыс болуы оқиғасына қатысты Үкімет отырысында пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Елорданың білім басқармасы кеше барлық мектептердің спорт алаңдарын тексеруге тапсырма берді. Астанада ғана емес, еліміздің барлық өңірінде спорт алаңдары мен құрал-жабдықтар тексеріледі», - деді Ғани Бейсембаев Үкімет кулуарында.

Астанада 7 тамызда 10 жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлады. Оқушы жарақат алып, қайтыс болды.