Ақтөбеде мейрамхана өртеніп, көрші орналасқан балабақшадан 35 бала эвакуацияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға себебі анықталып жатыр

Фото: gov.kz

Ақтөбе қаласында мейрамханадан өрт шығып, көрші орналасқан балабақша ғимаратынан 35 бала эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«7 тамыз күні сағат 12:16-да «112» құтқару қызметіне Ақтөбе қаласы, Астана ауданының Ағайынды Жұбановтар көшесінде орналасқан «Alefun» мейрамханасында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. № 2 шақырту рангі жарияланды. Өртті сөндіруге 48 адам мен 12 техника жұмылдырылды. Шақырту орнына барған кезде мейрамхананың шатыры өртеніп жатқаны анықталды. Өрт сөндірушілер жалынның басқа ғимараттар мен үйлерге таралуына жол бермеді. Мейрамхана жанында орналасқан балабақшадан 40 адам, оның ішінде 35 бала эвуакацияланды. Тілсіз жаудың аумағы 280 шаршы метрді құрады. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.

Отпен күрес сағат 13:06-да толығымен тоқтатылды. Оқиға себебі анықталып жатыр.